Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Ақтөбеде еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

27.09.2019
15:48
330

Баспасөз релизі

26.09.2019 ж.                                                                              Нұр-Сұлтан қ.

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен республиканың 5 облысының (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары) өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.

Семинарға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Атамекен ҰКП, «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және жоғарыда аталған 5 облыстың әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету - бұл Еңбек министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық компаниясы аясында әлеуметтік әріптестері («Атамекен» АЭС, Кәсіподақтар федерациясы) және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 өңірлік семинар өткізуді жоспарлануда. Біздің қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Семинарда сөз алған Төлеген Оспанқұлов зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын қысқартудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстанда 497 мың жұмысшы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

«Статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, 2018 жылы еңбек жағдайлары бойынша тексерілген 1,6 млн қызметкердің 373 мыңы немесе әрбір төртінші (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. Өткен жылы 676 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайындағы жұмысы үшін әр түрлі өтемақы алды. Осы мақсатта жұмыс берушілерге 116,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп», – деді Оспанқұлов.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Осыған байланысты республикада осы тақырыпқа арналған бірнеше іс-шаралар өтеді. Аталған семинар солардың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерлерін біріктіру.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов іс-шараға қатысушыларға қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша нақты тиісті ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мүлдем жарақаттану жоқ кәсіпорын - «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе филиалында болды, онда жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға айтарлықтай қаражат бөледі. Бұл кәсіпорын «KIOSH 2019» еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша IX Халықаралық конференциялар мен көрмелердің, сонымен қатар «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік конкурсының қатысушысы болып табылады.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
Терроризм жайлы видеороликтер
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан жаңалықтары
Өңірдегі жаңалықтар
Хабарландыру
Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
ДІАҚМ ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалардың онлайн-жәрмеңкесіне өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы
Дисциплинарлық кенесі
Президент тапсырмасы орындала бастады
"Жол апатының 90%-ы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын алады"