Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының өңірлік деңгейіне өтініштер қабылдау басталды

08.06.2019
21:44
683

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына http://www.enbek.gov.kz/kk/node/361272сілтеме жасай отырып, Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының өңірлік деңгейіне өтініштер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек адамы мәртебесін арттыруға және жұмысшы кәсібін дәріптеуге бағытталған «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек Жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурстың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атты 3 номинацияны қамтиды.

«Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздарын іріктеу республикалық деңгейде жергілікті деңгейде сияқты 2 кезеңнен тұратын болады:

1-кезең: дауыстардың барынша көп санын жинаған лидерлердің үштігін анықтайтын онлайн дауыс беру (барлығы 9 үміткер);

2-кезең: лидерлердің үштігінен онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған «Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында өтетін болады.

Ағымдағы жылы конкурсты өткізудегі жаңашылдықтар қатарында – әр номинацияда жүлделі орындарды ұлғайту. Егер өткен жылдары тек номинациясы үшін марапатталса, ағымдағы жылдан бастап жеңімпаздарға 1,2,3 орын беріледі. Сондай-ақ материалдық ынталандыру ретінде жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар берілетін болады:

- 1 орын – 1 000 000(миллион) теңге;

- 2 орын – 500000(бес жүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000(екі жүз мың) теңге.

Барлық ниет білдірушілерді және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Толық ақпаратты Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан алуыңызға болады. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, 71-ғимарат, 2-қабат, 26-кабинет. Байланыс телефоны: 42-01-79.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
Терроризм жайлы видеороликтер
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан жаңалықтары
Өңірдегі жаңалықтар
Хабарландыру
Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
ДІАҚМ ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалардың онлайн-жәрмеңкесіне өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы
Дисциплинарлық кенесі
Президент тапсырмасы орындала бастады
"Жол апатының 90%-ы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын алады"