Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Жеке кабинет

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Конкурстың шарты

09.06.2019

«Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өңірлік комиссия дауыс беру қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған жеңімпаздарды айқындайды.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы күзде «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» республикалық форумында өтетін күні Астана қаласында өтеді.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

2019 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде – Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;

2019 жылғы 15 шілдеден 12 тамызға дейінгі мерзімде – облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру;

2019 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде – дауыс беру қорытындысы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау.

Ең көп дауыспен балл жинаған конкурсанттардың оларды конкурстың жеңімпаздары ретінде айқындауға басым құқығы бар.

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

7) қысқа өмірбаянмен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық ниет білдірушілерді және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Толық ақпаратты Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан және ресми сайттан http://enbek.mangystau.gov.kz/ алуыңызға болады. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, 71-ғимарат, 2-қабат, 26-кабинет. Байланыс телефоны: 42-01-79.

Социальная реклама

Ақпараттық ресурстар
Терроризм жайлы видеороликтер
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан жаңалықтары
Өңірдегі жаңалықтар
Хабарландыру
Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
ДІАҚМ ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалардың онлайн-жәрмеңкесіне өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы
Дисциплинарлық кенесі
Президент тапсырмасы орындала бастады
"Жол апатының 90%-ы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын алады"